Путин Әзербайжан халқынан кешірім сұрады

Жаңалықтар
view 613
news

Фото: ria.ru

Ресей тарапынан бастама көтеріліп, Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Владимир Путин қайғылы оқиға Ресей әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендерге тезірек сауығу тіледі, деп жазды haqqin.az сайты.

Әңгіме барысында «Әзербайжанның жолаушылар ұшағы кестеге сәйкес ұшып, бірнеше рет Грозный әуежайына қонуға тырысқан» деп атап өтілді. Сол уақытта «Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық ұшқышсыз әуе аппараттары шабуыл жасап, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарды қайтару үстінде болғаны» айтылды.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтауға жақын маңда «Әзербайжан Әуе жолдары» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Вашингтонның мәлімдемелерін түсіндіруден бас тартты.

«Сіздерге Росавиация басшысы Дмитрий Ядровтың кешегі мәлімдемесін еске салғым келеді. Ол Ресейдің Қазақстан мен Әзербайжанға апаттың себептері мен мән-жайларын тергеуге толық қолдау көрсететінін айтты. Тергеу нәтижелерін күтеміз. Әрине, бұл мәселеге қатысты президент әкімшілігі тарапынан пікір білдіру орынсыз. Бұл ретте Ядровтың мәлімдемелеріне назар аударуларыңызды сұраймын», – деді Песков брифингте.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *