Ақтаудағы ұшақ апатына кім пәрмен берді? Ресейлік капитанның хаты жарияланды
Ulysmedia.kz коллажы
2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзірбайжандық Embraer 190 ұшағына қатысты жаңа дерек жария болды. Ресейлік капитан Дмитрий Паладичук түсіндірме хатында оқ ату бұйрығын өзі бергенін растаған. Бұл туралы Minval.kz және The Insider басылымдарына сүйеніп janabastau.kz хабарлайды.
Капитанның сөзінше, тұман салдарынан нысан визуалды түрде көрінбегенімен, радар арқылы анықталған. Алғашқы зымыран нысанаға тимеген соң, екінші мәрте атуға өзі пәрмен берген.
The Insider дерегіне сүйенсек, Паладичук бұрын Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде қызмет еткен. Оның түсіндірме хаты мен дауыс үлгісі, қолтаңбасы сараптамалық тексеруден өтіп, шынайы деп танылған.
Еске салайық:
Апат кезінде ұшақта 67 жолаушы болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам тірі қалған. Оқиға халықаралық резонанс тудырып, Ресей тарапының жауапкершілігіне қатысты сұрақтар күн тәртібіне шыққан болатын.
Пікірлер (0)