Ақтаулық жігіт мастықпен жанжалдасқан досын пышақтап кеткен

Жаңалықтар
view 269
news

Фотосурет: tgstat.ru

Ақтауда екі дос арасында болған жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 қаңтарда қаладағы 2-шағынауданда болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады. Онда кіреберіс есіктің алдындағы баспалдақта жас жігіт жатыр, жанынан қан іздері көрінеді. Куәгер полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, спирттік ішімдік ішкеннен кейін екі дос жанжалдасып қалған. Соның салдарынан бірі екіншісінің аяғына пышақ сұғып алған. Алайда жара терең болмай, досы ажалдан аман қалған. Полиция оның арыз жазудан бас тартқанын да хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *