Мәдениет саласының майталмандарына мемлекеттік стипендия табысталды

Жаңалықтар
view 254
news

Фотосурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия табысталды. Стипендияны мемлекет басшысының атынан премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева табыс етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, әдебиет пен өнер саласындағы стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталып келеді.

Биыл 75 мәдениет және өнер қайраткері стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Жандарбек Мәлібеков, Меруерт Өтекешова, Роза Мұқанова, Самал Еслямова, Ермек Асылханов, Қайрат Байбосынов және өзге де мәдениет қайраткерлері бар.

Сондай-ақ жас таланттар қатарында опера әншісі Мария Мудряк, театр актрисасы Алтынай Нұрбек, театр және кино актері Бәзіл Сұлтанғазы, актриса Екатерина Максим және басқа да өнер иелерінің еңбегі еленді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *