Ауа райы болжамы: 4 қаңтарда аса сақ болған жөн

Жаңалықтар
view 283
news

Фотосурет: adn.com

4 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына циклон әсер етіп, қар, боран және қолайсыз метеожағдайлар күтіледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК дерегіне сүйенсек, жауын-шашынсыз ауа райы тек елдің оңтүстік-батысы мен шығысында ғана сақталады. Ал қалған өңірлерде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар белсенді болады.

Қазақстанның басым бөлігіне қар жауып, боран соғады. Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта қатты жауын-шашын болуы мүмкін,  делінген синоптиктер болжамында.

Мамандардың айтуынша, республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Бұл жағдайлар жол қозғалысын қиындатып, алыс сапарға шыққандар үшін қауіп тудыруы мүмкін.

Синоптиктер ауа райы туралы ресми ескертулерді қадағалауға, қажетсіз жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе боран мен көктайғақ кезінде жүргізушілерге аса сақ болған жөн.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *