Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Полиция мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 23:00 шамасында ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен болған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталуда.

Апат салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция өңір жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе түнгі уақытта жылдамдықты асырмау, қарсы жолаққа шықпау, сондай-ақ шаршаған немесе ұйқысы қанбаған күйде көлік тізгініне отырмау керектігі ескертілді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде апат болған жерден түсірілген бейнежазбалар да таралып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *