Трамп Иранға қатаң ескерту жасады

Жаңалықтар
view 20
news

AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі жақын арада белгілі болатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, алдағы 24 сағат ішінде келісім тағдыры анықталмақ, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

«Біз шамамен 24 сағат ішінде білеміз. Жақында бәрі айқын болады», – деді Трамп The New York Post басылымына берген сұхбатында.

Ақ үй басшысы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда, АҚШ әскери әрекеттерге қайта оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Оның сөзінше, қарулы күштер кез келген сценарийге дайын.

«Біз кемелерді ең озық қарумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Егер келісім болмаса, оны өте тиімді қолданамыз», – деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар ол АҚШ әскери-теңіз күштері күшейтілген режимде дайындық жүргізіп жатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *