Өзбекстан Президенті Тоқаевқа бірнеше тарихи құжатты тапсырды
Жаңалықтар
29
Фото: Ақорда
Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.
Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Өзбекстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешенін аралады.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Трамп Иранға қатаң ескерту жасады
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды
Пікірлер (0)