Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды
Сурет: inbusiness.kz
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады, деп хабарлады madeniportal.kz 24kz_tv-ке сілтеме жасап.
«Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбеде кепілге алынған үш адам медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда бірі тасымалдау кезінде қайтыс болды. Бірі операция үстелінде көз жұмды. Үшінші адамның жағдайы ауыр.
Оқиға орнында келіссөз жүргізген облыстық ПД бастығы Абай Жүсіповтің айтуынша, жедел басқару орталығына хабар 20:00 шамасында түскен.
«Жедел тергеу тобы, арнайы жасақ оқиға орнына келді. Жедел операция өтіп, кепілге алынған азаматша мен оның ата-анасы босатылды. Күдікті адам ұсталды», — деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.
Полицияның хабарлауынша, күдікті талап қоймаған.
Пікірлер (0)