«Бомба бар деп айқайлаған»: Ұшақ бортсерігін ұрған жолаушы қамауға алынды

Жаңалықтар
view 266
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанадан Өскеменге ұшқалы жатқан ұшақ ішіндегі жолаушыларды санап өтіп бара жатқан бортсерікті ер адам кенет ішінен ұрып жіберген, деп хабарлады janabastau.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясы жариялаған.

Жолаушыны отырғызу кезінде теріс мінез-құлқы байқалмаған.

Ұшақ ішіне дереу тәртіп сақшылары шақырылғанда жолаушы "бомба бар деп айқайлаған".

Осыдан кейін ер адам ұсталып, басқа жолаушылар да ұшақтан шығарылды.

Ұшақ іші жедел әрі мұқият тексеріліп, нәтижесінде ешқандай жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылмады.

Ер адамның үстінен бұзақылық және терроризм дерегі туралы жалған хабарлау бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *