Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге келді
Фото ашық дереккөз
Ереван Бакудың бейбіт келісімнің әлі келісілуі қажет болған екі тармағы бойынша ұсыныстарын қабылдады. Никол Пашинянның айтуынша, бұл – Армения үшін қолайлы компромисс.
JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі DW дерегіне сүйене отырып, Армения мен Әзербайжан ондаған жылдарға созылған қақтығысты реттеу мақсатында бейбіт келісімге келгенін хабарлады.
«Армениямен бейбіт келісім мәтіні бойынша келіссөздер процесі аяқталды», – деді Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 13 наурыз, бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында.
Армения Сыртқы істер министрлігі «Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы» келісімнің қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Ереван құжатқа қол қою мерзімі мен орнын талқылауды бастауға әзір екенін атап өтті.
Пікірлер (0)