«Армысың, әз Нарыз» ұстаздар арасында айтыс ұйымдастырылды

Редакция таңдауы
view 75
news

«Армысың, әз Нарыз» ұстаздар арасында айтыс ұйымдастырылды Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс- көркем сөз өнері. Айтысты дамытумен дәріптеу біздің басты мақсатымыз. Осы тұрғыда «Қосшы қаласының IT мектеп-лицейі» өткенімізді жаңғыртып, бүгінімізді көркейтіп, «Армысың, әз Наурыз» атты мекеп ұстаздары арасында айтыс өткізді. Біз ақынмен ақынның айтысқанын көрдік ал, ұстазбен ұстаздың айтысқанын көрмедік. «Әу демейтін қазақ жоқ»,- дейміз. Қазақтың қанына, жанына сіңген сөзбен әуен біздің ажырамас күре тамырымыз. Айтыс тізгінін ұлағатты ұстаз Қарақойшы Ақылжан ұстады. Қазақтың осы бір қазынасын дәріптеп, жас ұрпаққа көрсету, мақсатында ұйымдастырылған айтыста: ІІІ орын - бастауыш сынып мұғалімі Тұманбаева Назира иеленсе, ІІІ орын - директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары - Рамазанова Гүлназира, ІІ орын - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Абилхамитова Рабиға, ІІ орын- дене шынықтыру пәні мұғалімі - Ахбаев Нағашыбек, І орын - тарих пәні мұғалімі - Садвокасов Амангелді. БАС ЖҮЛДЕ- дене шынықтыру пәні мұғалімі - Қасымханов Сандыбай бұйырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *