Арқалықта қыз зорлады деген күдікпен блогер ұсталды
Қостанай облысының полиция департаменті
Арқалықта блогер бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Полиция 35 жастағы ер адамды "зорлау" және "жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады" деген күдікпен ұстады.
Қостанай облысының полиция департаменті жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ екенін хабарлады.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір құрбандар ер адамнан қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде күдікті өзімен жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен. Тергеу мәліметінше, ер адам жәбірленушілер бас тартқан кезде оларды зорлаған. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды.
Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етілмеді. Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ер адам 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Пікірлер (0)