“Арызыңды ал немесе өлтіреміз”: Экс дипломаттың әйелі Карина Мамаш тағыда үндеу жолдады

Жаңалықтар
view 283
news

Фото: Не молчи қорының парақшасынан алынды

Дубайда дипломат күйеуінен зорлық - зомбылық көрген Карина Мамаш әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Janabastau.kz.

«Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін болып табылады. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Олай болмаған жағдайда Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары бар екенін жеткізді. Олар Каринаны өлтіреді немесе қыйнап келбетін ұсқынсыз етеді деп қорқытқан. Менің әжемнің . Қазір оның туған немересімен болып жатқан соңғы жағдайлар оның жағдайына кері  әсер етті. Олар үнемі оған жаза береді. Алғашында кешірім сұраса,енді  қорқытып жатыр», - деді Карина Мамаш.

Еске салсақ, жуырда Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Сондай-ақ,  Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққанын мәлімдеген.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *