“Мені Айдар мен Жарқынайды ажырастырды деп сынап тастады": Айдар Асқарбекпен фильмде сүйіскен актриса шындығын айтты

Жаңалықтар
view 245
news

Наргиз Алтайбай. Видеодан кадр: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

KeshYOU тобының бұрынғы әншісі Наргиз Алтайбай топтан кеткеннен кейін алғаш рет сұқбат беріп, өзіне қатысты қауесеттерге нүкте қойды. Әнші аруды Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым жұбының ортасына түсті деп сынаған, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Наргиз Алтайбай "Өзіміз ғой" бағдарламасында қонақта болып, Айдар Асқарбекпен болған сүйісу сахнасы туралы бар шындықты айтты. "Рауза" телехикаясынан кейін маған көп жағымсыз пікір айтылды. Ол нәрсені қазбалай бергім келмейді. Оны айтсам ақталғандай боламын. Сол үшін жылы жаба салғым келеді. Шындықты бір Алла және мен біілемін. Бұл сериалда мен өз жұмысымды ғана атқардым. 

Баян Мақсатқызы "Сен актрисасың ғой, орындайсың" деді. Бұл жағдайды түсініспеушілік деп есептейік. Ол тек жұмыс барысында болған дүние. Одан тыс бізде ештеңе болған жоқ", - деп түсіндірді өнер иесі.

 Сонымен қатар әнші ару Жарқынай Ханайыммен қарым-қатынасы қандай екенін айтты.

"Мені Айдар мен Жарқынайды ажырастырды деп сынап тастады. Бұл нәрсе үшін үлкен күйзеліске түсіп, жылап, арықтап кеттім. Жарқынай екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы. "Queen" шоуында құшақтасып амандасып, құшақтасып қоштастық. Басында арамызда түсініспеушілік болды. Екеуміз әлеуметтік желіде сөзге келіп қалдық. Қазір арамыз дұрысталды. Ол тақырыпты қозғаған жоқпыз, ол жайында сөйлеспедік. Бір-біріміздің қатемізді түсінгендей болды. Менің оған ешқандай ренішім жоқ. Мен оны әйел ретінде енді түсініп жатырмын", - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *