Экс министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасына қатысты «жалған ақпарат таратқаны үшін» қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Жоғарғы сот
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы ештеңе білмейтінін жеткізді. Бұл туралы Janabastau.kz тілшісі Информбюраға сілтеме жасап хабарлайды.
Маусымның 2-сі күні қазақстандық саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев YouTube-тегі «Ertysbayev Live» арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты «жалған ақпарат таратқаны үшін» қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Өз кезегінде Айтбек бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын бұрын көрмегенін жеткізді.
Еске салайық, 13 мамырда алқа билер шешімімен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен Салтанат Нүкенованы азаптап, өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 28 мамырда Бишімбаев пен оның қорғаушылары сот шешіміне наразылық білдіру үшін аппеляциялық шағым түсірген.
Пікірлер (0)