Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

Редакция таңдауы
view 71
news

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Tengritravel.kz ке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, былтыр күзде жаңбырдың салдарынан елорда әуежайындағы терминалдың шатырынан су өтіпті. Осыған байланысты биыл мердігер "Mabco Constructions SA" құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *