Астана күніне орай отшашу болмайды

Редакция таңдауы
view 110
news

Биыл Астана күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Janabastau.kz. Елорда әкімдігінде атап өткендей, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады. Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысан ашылады, соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар, үлескерлерге пәтер кілттері табыс етіледі. Айта кетейік елімізде Астана күні 6 шілде күні тойланады. Биыл елордамызға 25 жыл толады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *