Астанада келесі аптада LRT жобасы іске қосылады
Сурет: Ашық дереккөзден
Астанада көптен бері жырға айналған жеңіл рельсті көлік (LRT) желісі келесі аптадан бастап сынақ режимінде жұмысын бастайды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, бастапқы кезеңде пойыздар 1-2 станция арасында қозғалады. Сынақ мерзімі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады.

Қазан айында қосымша 8 пойыз келеді. Желтоқсанға дейін барлығы 18 құрам жеткізіледі. Жоспар бойынша келесі жылдың басында LRT толық іске қосылады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Жобада барлығы 18 бекет қарастырылып, олардың атаулары бекітілген. Жүргізушісіз, автоматтандырылған пойыздармен қатынайтын көліктің жолақысы 200 теңге болып белгіленді.
Пікірлер (0)