Павлодар облысында 3 жасар баласын ұрған әке қамауға алынды

Жаңалықтар
view 112
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына қарасты Осьмерыжск ауылында 20 қыркүйек күні қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнде аудандық ауруханаға аса ауыр жағдайда 3 жасар бала жеткізілген. Дәрігерлер оның жабық бас сүйек-ми жарақатын, қас үстінде жыртылған жара мен денесінде көптеген көгерген іздерді анықтаған. Реанимациялық шараларға қарамастан бала көз жұмды.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды. Полиция мәліметінше, қылмысты жасады деген күдікпен баланың әкесі ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы тергеліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *