«Ақылгөй көп»: Тоқаев министрлер мен әкімдерді әлеуметтік желіде сынайтындарға шүйлікті

Жаңалықтар
view 242
news

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде министрлер мен әкімдерді орынсыз сынайтындарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратып, халықты адастыратындар аз емес екенін айтты.

Қазір әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кетті. Олардың арасында жалған мәлімет таратып, жұртты шатастыратын адамдар бар. Кейбір жастар сондай теріс ықпалға еріп, қоғамды арандата бастады. Бірақ тиісті мекемелер заманауи технологияларды пайдаланып, мұндай жазбалардың авторларын анықтап отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент халықтың қаржылық, ақпараттық, цифрлық және басқа да саладағы сауатын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қоғамда пікір білдіру мәдениеті сақталуға тиіс екенін жеткізді.

Үкімет пен әкімдердің жұмысында кемшілік жоқ деп ешкім айтпайды. Бірақ оларды сынағанда халықты арандатпай, салмақты әрі саналы пікір айту керек. Еліміздің тұрақтылығы – ең басты басымдық, – деді мемлекет басшысы.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *