АСТАНАДА «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Редакция таңдауы
view 158
news

Астанада Шәкерім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай  ұйымдастырылған республикалық байқау аяқталды, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Әдебиет порталына сілтеме жасап. Екі мыңнан аса оқушы қатысқан сайыс бір айға созылған. Алдымен аймақтарда іріктеу кезеңі өтті. Онда топ жарған 22 оқушы жарыстың жартылай финалына жолдама алған болатын. Кейін олардың арасынан тағы 11-і іріктеліп, ақтық сынға өткен еді. Сөйтіп финалдық бәсекеде бас жүлдені Қайрат Айханым, І орынды – Кәдірхан Дінмұхамед, ІІ орынды – Айырбай Аружан, Жеңісбек Гүлназ, Әміртай Аружан, ІІІ орынды – Бақберген Гүлназ, Қосылбек Айша, Жүрсін Азитай алды. Шараның мақсаты – оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасымен танысуға, оны әрі қарай зерттеуге ынталандыру. Астанадағы сайыс барысында қатысушыларға ақынның 20 өлеңі жаттауға берілген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *