ШЫМБҰЛАҚ ГИННЕСТЕР РЕКОРДЫ КІТАБЫНА ЕНДІ
Редакция таңдауы
166
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы бөктері" номинациясы бойынша Гиннестер рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Tengritravel.kz ке сілтеме жасап.
Рекорд нәтижесін ресми тіркеу және сертификаттарды тапсыру рәсімі "Талғар асуы" станциясында, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте, Guinness World Records компаниясы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Әлемдік рекордты тіркеу үшін келесі шарттарды орындау қажет болды:
рекорд орнауы үшін биіктік метрмен өлшенуі керек болған;
Солтүстік Талғарда, осы аймақта білікті маман өлшем жұмыстарын жүргізу керек болды;
курорт бөктері FIS ресми түрде мойындауы керек еді;
курорт штаттық режимде жұмыс істеуі керек, трассада жарық қосулы болуы тиіс.
"Мен ресми түрде Шымбұлақ тау курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы бөктері" номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енгенін ресми түрде хабарлауға қуаныштымын", - деді Guinness World Records өкілі Сейда Субаси.
Шара соңында лентаны салтанатты түрде кесу және станциядан жаппай сырғанау жүргізілді.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)