Астанада трансформаторлық қосалқы станса өртенді
Жаңалықтар
18
Фото: ТЖМ
Астана қаласының Нұра ауданында Сығанақ көшесінде трансформаторлық қосалқы станцияда кабель өртенді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында өрт одан әрі жайылмай, толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізілді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Пікірлер (0)