Астанадағы су тапшылығы: Президент Жеңіс Қасымбекке тапсырма берді
Редакция таңдауы
75
Осы аптада Астанада халықаралық маңызы зор мәселелер талқыланып жатқанда, тұрғындарды жергілікті проблемалар алаңдатты. Бұған дейін адамдар судың жоқтығына наразылық білдіріп, көшеге шықса, осы апта бір топ МИБ, яғни, мүлік иелерінің бірлестігі мәселесін көтеріп, жол жауып тастады. «Мәскеу» кешенінің тұрғындары МИБ жетекшісінің жұмысына көңіл толмайтынын айтады. Билік өкілдері наразылық акциясын заңсыз деп танып, қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Бір ғана тұрғын үй кешеніндегі жағдай тұтас бас қаладағы хаосты сипаттайтын сияқты. Астанада мәселелер бірінен соң бірі шығып жатыр. Тіпті, Ақордада көтерілетіндей жағдайға жетті...
Президент маусымның 7-сі күні Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, «қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау»-ды тапсырды. Ал келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Премьер-Министр орынбасары Алтай Көлгіновты лауазымынан босату туралы жарлығы шықты. Фейсбук жамағаты мұны бір-бірімен байланыстырып, тәпсірлеп отыр.
Блогер Оңғар Қабден былай жазыпты: «Астананың тең жартысы сусыз отыр. Қазіргі әкім Жеңіс Қасымбектің уақыты сол Алтайдың былықтарын жөндеумен өтетін болды».
Ал саясаттанушы Асхат Қасенғали елордада үйлер көп әрі тығыз салынғандықтан туындаған түйткілдерді айта келе, жазбасын былай түйіндейді: «Осының барлығы Көлгіновті бүгін премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатуға себеп болған сияқты ғой. Енді қандай қызметке қояр екен?»..
Көлгіновтың қызметтен кетуін «жаза» деп бағалау керек пе?! Экс-шенеунік кеше фейсбукте вице-премьер, Астана әкімі ретінде қандай бағыттар үшін жауап бергенін тізіп, мемлекет басшысына сенім үшін алғыс айтыпты. Бірақ көпшілік сынға алған тығыз салынған үйлер жайын қозғамаған. Қызығы, Көлгінов кетіп еді, Астанада су үзілмей беріле бастады.
Бас қаланың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желілерде су құбырының жаңа тармағы іске қосылғанын, жаңа станциясының бірінші кезеңі маусым соңында, екінші кезеңі тамыз айында аяқталатынын жариялаған. Осымен, бұл мәселе түбегейлі шешіледі, - деп сендірді Қасымбек. Енді ол Астананың өзге проблемаларына кірісетін шығар?!
Тамара Дүйсеноваға да оңай болмайтын түрі бар. Онсыз да салмағы ауыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметімен қатар, енді үкімет басшысының орынбасары болды. Тамара ханымға «шаршамаңыз» деп тілейік!
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)