Астанаға жарысқа бара жатқан балалар мінген көлік апатқа ұшырады
Жаңалықтар
42
Сурет: Ашық дереккөзден
Астанаға жарысқа бара жатқан балалар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Шағын автобус ішінде 14-16 жас аралығындағы 16 жасөспірім болған. Олар Астанаға футболдан жарысқа бара жатқан.
Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, шағын автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды, балалар қазір дәрігерлердің бақылауында.
Жол апаты кеше түнде "Шідерті-Ерейментау-Астана" тас жолында болған.
Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)