Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

Жаңалықтар
view 121
news

Видеодан скриншот

Қайғылы жағдай Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында орын алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.

Шаруа қожалығының 3 жұмысшысы ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл алып өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар тепе-теңдік сақтай алмай, барлығы өзенге құлап кеткен. 

Құтқарушылар кеше 1980 және 1978 жылы туған 2 азаматтың денесін тапты. Артынша, 1967 жылы туған үшінші ер адамның мәйіті судан шығарылды.

Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *