Атырау облысында бір отбасының жоғалуы: қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікке ілінді
Фотосурет: дереккөз
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәжіліс кулуарында Атырау облысында жоғалған отбасы ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ІІМ-нің баспасөз қызметі Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында Атырау облысында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.
Санжар Әділовтің айтуынша, олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
"Оларды Қазақстан Республикасына қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Жұбайлардың екеуі де күдікті. Із-түссіз жоғалып кеткен екі адамды іздеу жалғасуда. Атырау облысында арнайы топ жұмыс істеп жатыр", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.
Пікірлер (0)