Қарағандыда жасөспірім қызды қатарластары аяусыз соққыға жыққан

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: polisia.kz

Қарағандыда 6 жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жасөспірімнің денесіндегі жарақаттардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қыздың денесі ауыр соққыдан қанталап кеткен. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданып, қылмыстық іс қозғалды. 

"Полиция алты кәмелетке толмағанды анықтап, бөлімге жеткізді. Күдіктілер жәбірленушіге қасақана дене жарақатын салған", - дейді полиция. 

Жанжалды әу баста жас жігіт пен қыз бастаған. Олар тергеу изоляторына қамалды.

"Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. Оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде де қаралды", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілерді арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім қабылданды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *