Атыраудағы қанды оқиға: жергілікті хакер тағы бір шындықтың шетін шығарды

Жаңалықтар
view 204
news

Фотосурет: ЖИ

Атырау облысындағы жоғалып кеткен отбасы жөнінде тағы бір тың дерек шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Өзін «Атыраулық хакер» деп таныстырған желі қолданушысы жаңа дерекпен бөлісті.

«Қазір қолдағы ақпаратқа сәйкес, мен видеода отбасы мүшелерінің бірінің банктік картасы Бали аралында тіркелгенін айтқаннан кейін банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан кейін карта арқылы төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды.

БАҚ-та іздеуді жалғастыру туралы сұраулар түспегені хабарланып, соған байланысты Наурыз бен Мейрамгүлді іздестіру шаралары тоқтатылғаны айтылып жатыр. Демек ол екеуі әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал әлі де жауабы жоқ «Наурыз бен Мейрамгүл қайда?» деген сұрақтың жауабын Сұлтан ғана біледі, - дейді хакер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *