Актер өзінің Әшімов, Мәмбетов, Жаманқұловтың үстінен арыз жазғанын мойындады

Жаңалықтар
view 146
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық өмірінде жіберген ең ауыр қателіктерінің бірін ашық айтып, бұл жағдайдың өзіне өмірлік үлкен әрі кәсіби сабақ болғанын жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Сұхбат барысында ол қазақ сахнасының аңыз тұлғасы, өзі ұзақ жылдар бойы үлгі тұтып, ұстаз санаған Асанәлі Әшімовке қатысты бір кезде ағаттық жасап қойғанын жасырмады. Айтуынша, сол қателігі үшін кейін жеке барып, ұстазының өзінен кешірім сұрауға мәжбүр болған.

Бір сәтте ойланып-толғанбай, елдің соңынан еріп, Асанәлі Әшімовтің үстінен жазылған құжатқа қол қойып жіберген кезім болды. Кейін мұның үлкен қателік екенін түсіндім де өзінен барып кешірім сұрадым. Өйткені ол кісі мен үшін жай ғана әріптес емес, нағыз ұстаз еді, – деді Бауыржан Қаптағай.

Сондай-ақ ол сол кезеңде өнер саласында белгілі тұлғаларға қатысты түрлі арыз-шағымдардың жиілеп кеткенін еске алды.

Өздерің білесіңдер, сол жылдары Әзірбайжан Мәмбетовтің, Тұңғышбай Жаманқұловтың үстінен де арыз жазылған болатын. Сол жағдайлардың бәрінде мен өзімді дұрыс ұстай алмадым, үлкен өкініш болды, – деп ағынан жарылды актер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *