Ауыл мектептері мұғалімдерінің республикалық форумы өтті

Білім
view 136
news

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығында жас мұғалімдердің «Жас ұстаз: табысқа апарар жол»ІІ республикалық форумы аяқталды. «Жас ұстаз – 2023» еліміздің ауылдық біліміне дем берді. 180-нен астам ұстаз туған мектептеріне көтеріңкі көңіл күй, кәсіби шабытпен оралды. Биылғы «Жас ұстаз – 2023» бағдарламасының басты ерекшелігі – сұранысқа ие алаңда ауылда еңбек етіп жүрген табысты жас ұстаздар бас қосты. Олардың барлығы ауылдық білім берудің әлеуетін дамыту аясындағы жобаға қатысып жатқан тірек мектептерде жұмыс істейді. Әр форумда «Галстуксіз кездесуге» оқу-ағарту министрінің келуі әдемі дәстүрге айналып барады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың экспромттары қанатты сөздерге айналып, форум делегаттары делегаттары өздеріне  түртіп алды. Кез келген жетістік көздегі оттан басталатынына сенімді «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов:

– Мен істедім, сіздің де қолыңыздан келеді. Жастық шақта кәсіби мансап пен толағай табысқа жетуге болады. Бұл менің табысқа жету жолындағы жеке формулам. Ал болашақ жетістіктердің басты көрсеткіші – көздегі от пен жүректегі жалын.

Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдердің Бірінші Азия паралимпиада ойындарының жүлдегері  Азамат Оразбек,  ғалым-зерттеуші, «Mbionics» компаниясының негізін қалаушы, бірегей экзоскелеттің авторы Мәулен Бектұрғанов, «бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері, балаларға арналған бокс секциясының жетекшісі Мұхит Амантаевпен кездесуден шабыттанған ұстаздар қаншама рет қол соққанын есептеу қиын!

– Министр мырзамен кездесудің өзі менің осы білім саласындағы көзқарасамды аша түсті деп айтуға болады. Сұрақ-жауап аясында да біраз мағлұматтар алдық. Педагогикалық квесттің өзінде қаншама әлемдік деңгейдегі мықты мектептердің өзіміз сияқты жас мұғалімдердің қолдан келген дүниені істей аламыз ғой деген ой туындады, –  Ақкөл ауданы № 3 Ж.Бектұров атындағы орта мектептің мұғалімі  Тоғжан Мұхтар.

Форумда қазіргі кәсіби басымдықтарға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді: тиімді жоспарлау, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, эмоционалды интеллекті дамыту, мұғалім жұмысындағы зерттеулер, оқытудағы саралаулар, бағалау. Алғашқы «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы 2022 жылдың тамыз айында Астанада өтті, содан кейін барлық өңірде аймақтық форумдар ұйымдастырылды. «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» – тағы да өзінің символдық атауын ақтады. Екінші республикалық форум елімізде жас мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа шығармашылық алаңы құрылғанын растады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *