Айна Мысырәлімова Қосшы қаласына іс-сапармен келді
Қосшы жаңалықтары
214
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айна Мысырәлімова Қосшы қаласына іс-сапармен келді. Қаладағы біршама мәселелер талқыланып, ақпарат алды.
12 шілде күні Қосшы қаласында Айна Ермекқызы қалас мәслихатының төрағасы Әлихан Жұмаханұлымен, «Аманат» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарымен бірге кездесу өткізіп, өңірдегі маңызды мәселелер жайлы мағұлмат алды. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы, Қоғамдық кеңестің төрайымы Сайраш Матайбаева және «Аманат» партиясы Целиноград ауданы филиалының төрағасы Азамат Қанапиянов та қатысты. Өз кезегінде мәслихат депутаттары Қосшы қаласының жылдам қарқынмен өсуі инфрақұрылым нысандарын көбейтуді талап ететіні туралы көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған жауап жауап алды.
Сонымен қатар кездесу аясында қаламыз үшін ең маңызды ауыз су, қоқыс шығару, әлеуметтік нысандар (мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және т.б) туралы сауалдар талқыланды.
Одан кейін мәжіліс депутаты қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, А. Мысырәлімова шаһар әкімі Г. Қасенов, мәслихат төрағасы Ә. Қуатбеков және мәслихат депутаттарымен бірге Қосшы қаласындағы «Жасыл ел» жобасының ашылу рәсіміне қатысып, жазғы маусымда еңбек етуді таңдаған жастарға сәттілік тіледі. Қаламызды көркейту үшін «Жасыл ел» жобасының маңызы зор екенін ерекше атап өтуге болады.
Ел Риза
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)