Сауатты жарнама – тіл айнасы

Қосшы жаңалықтары
view 87
news

Қосшы қаласында жарнаманың сауатты болуын қадағалайтын «Желел желі» жұмыс істеп тұр.

Сауатты жарнама қала келбеті жобасының негізгі мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Тіл саясатын насихаттау.

Жарнама қоғам алдында маңызды сипатқа ие. Оның даму дәрежесі күн санап өсуде.  Тарих қатпарын қазсақ, алғашқы жарнама бұдан 2500 жыл бұрын көне Египеттің Мемфия қаласында пайда болған. Ал біздегі жарнаманың сиқы – көңілді күпті етеді. Қала көшелеріндегі жарнамаларда қате өріп жүреді. Жарнаманың қатесіз жазылуы – өз ана тілімізге құрмет. Сол себепті де қате бұл мәселеге мұқият болу маңызды.

Құрметті кәсіпкерлер! Жарнамаларды орнатпас бұрын оның мәтінін Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңның талаптарына, жалпы тілдік нормаға сәйкес ресімдеу үшін қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Жедел желі» (Call center) телефонына хабарласып кеңес алыңыз!

Орфографиялық және стилистикалық, пунктуациялық қателерге жол бермеңіз. Бұл Сіз үшін ыңғайлы! Әрі екі рет шығындалмайсыз!

«Жедел желі» (Call center) құрылды.

Жедел желі телефоны: 8 (7172) 607-785 (ішкі 604).

Ел  Риза

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *