Жер учаскелеріне тексеру жүргізілді

Қосшы жаңалықтары
view 218
news

Жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы «Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» № 194 бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 12 шілде мен 13 шілде аралығында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы жер ресурстарын басқару департаменті» РММ инспекторлары «Қосшы қаласының жер қатынастары және қала құрылысы бөлімі» ММ маманымен бірлесіп, Қосшы қаласының аумағында орналасқан өз бетінше салынған құрылыс объектілеріне тексеру жүргізді. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес, Егер облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергiлiктi атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. Тексеру барысында мамандар шағын және орта бизнестің төмендегі кәсіпкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды бұзғанын анықтады: Өз кезегінде анықталған бұзушылықтар негізінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің  136-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Ел Риза

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *