AZAL Ресейдің 7 қаласына ұшақ рейстерін тоқтатты

Жаңалықтар
view 185
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясы  Ресейдің 7 қаласына ұшақ ұшырудан бас тартты, деп хабарлайды  janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ТОҚТАЙДЫ

Әзербайжан әуе компаниясы (AZAL) "Embraer 190" ұшағының апатының алдын ала тергеу нәтижелері шыққанша, болуы мүмкін қауіптерді ескере отырып, мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің шешімі негізінде Бакуден Ресейдің келесі әуежайларына рейстерді 2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап тоқтатады.

  • Минеральные Воды
  • Сочи
  • Волгоград
  • Уфа
  • Самар
  • Грозный
  • Махачкала

Айта кетейік, 25 желтоқсанда AZAL Бакуден Грозныйға және Махачкалаға ұшу сапарын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Қауіпсіздік мақсатында аталған бағыттар бойынша басқа авиакомпаниялардың ұшуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Осы бағыттар бойынша билеттері бар жолаушылар қаражатты толық қайтаруға немесе билеттерді тегін қайта ресімдеуге құқылы.

Әуе компаниясы ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптары мен ережелерін сақтай отырып, Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Екатеринбургке, Астраханьға, Қазанға және Новосібірге ұшақ ұшыруды жалғастырады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *