Азаматтық қоғамға үлкен жүк артылған

Қосшы жаңалықтары
view 1809
news

...

Азаматтық қоғамның маңызды мәселелер бойынша мүдделерін білдіретін ұйым ретінде Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі өз қызметінің аясында әрдайым қоғамдық бақылауды ұйымдастырып келеді. Халықтың тіршілігі үшін маңызды мәселелер бойынша отырыстар, талқылаулар ұйымдастырумен қатар мәслихат депутаттарымен, әкімшілік өкілдерімен бірлесе отырып жоспарлы түрде мониторинг, рейдтер ұйымдастырып тұрады.

Тамыз айында қалалық ҚК төрайымы Сайраш Матайбаева, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев және кеңес мүшелері қала мектептерінің жаңа оқу жылы алдындағы жай-күйімен танысып қайтқан болатын. Қазіргі уақытта білім ошақтары қалыпты режімде жұмыс жасап жатыр.

Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақтың білімді болуы аса маңызды. Президентіміз Қ.К. Тоқаев айтқандай, «Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет». Сондықтан ұрпағымыздың заманауи білім алуына ешқандай кедергі болмау керек. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде озық ойлы педагогтер қауымының еңбегі ұшан теңіз. Әрқашан ізденіс пен шығармашылық шыңына ұмтылған жандардың бүгінгі кәсіби мерекесі құтты болсын!

Дана Төлеген

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *