"Әжептәуір есі бар еркекті жүндей түтті": блогер Әйтеновті қолдап, әйелін кінәлады

Жаңалықтар
view 1704
news

Фото - Caravan.kz

Дана Әтешованың айтуынша бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, үш баласымен үйнен қуып жіберіпті. Құрығы ұзын Әйтеновтердің қорлығына шыдамаған келіншек, инстаграмм парақшасында БАҚ өкілдерінен және Президенттен көмек сұраған еді. Осы жағдайға байланысты танымал блогер өзінің желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Кешеден бері екіге бөліндік. Еркектерге өшіккендер көппіз. Қоғамда сан түрлі адам бар, рас. Оңбаған әйел де еркек те көп. Ендігәрі ешқандай әйел еркектің қахаң-құйхаңына көнбейтін болды. Ол да жөн болар. Осылай қоғам реттелер. Әйелді сабайтын, оны адам құрлы көрмейтіндерге жақсы сабақ. Ал енді әжептеуір есі бар еркекті жүндей түтетін әйелдерді қайтеміз?! Абьюзер әйелдер бар ма?! Бар!

Еркектің еңсесін басып аламын, десе әйелде көзір көп қолдан келеді. Еңсесін түсірмей ақылмен шешіп бай қыламын десе ол да қолынан келеді. Ойбай кейбір оқиғаларға байланысты. Қазір тағы таланып жатпайық.

Кейбір сәтті күлкіге айналдырып, кейбір мәселенің бытшытын шығарып жіберу өзіңе де оған да жеңіл негізі. Мен түнімен елдегі 70% әйел байын жеккөре ме, деп уайымдап шықтым. Әркім шаңырағынан шаттық тапса екен. Күйеулеріңізді бір мақтап жазыңыздаршы өтініш. Өмірден түңіліп кететін сияқтымыз. Кейбіреулер үшін кейбіреулер зардап шекпесінші. Бар ғой мықты жігіттер. Күн түн демей отбасын асырап, шырылдап, жан-тәнімен қайтсек бақытты боламыз?-дейтін еркектер жоқ емес қой. Жерге ұра бермей бір жақсы қасиеттерін оларды белгілеп тұрып жазайықшы. Еңселерін бір көтеріп тастайықшы», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *