Әжетханаға босанып баланы унитазға тастап кеткен: 15 жасар қыз
Жаңалықтар
634
Сурет: Ашық дереккөзден
Түркияның Балыкесир қаласында 15 жастағы қыз Жер кадастры басқармасының әжетханасында босанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ alash.kz-ке сілтеме жасап.
Қызметкерлер нәрестені дәретханадан алып шығып, полицияға хабарласқан.
Анасының жеке басы бейнебақылау камерасындағы жазбалар арқылы анықталды. Жасөспірім қыз басқармаға әкесі мен әжесімен бірге келген. Отбасы ғимаратқа кірген сәтте нәресте олардың жанында болмаған.
Порталдың мәліметінше, жас ананы, оның әкесін және әжесін полиция ұстаған. Ал нәресте әзірге ауруханада, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Келінім қызымдай бола алмайды...
Пікірлер (0)