«Жүйе жоқ, нәтиже төмен»: Олжас Бектенов отандық спортты сынап тастады

Жаңалықтар
view 225
news

Сурет: Ашық дереккөден

Премьер-министр Олжас Бектенов жыл өткен сайын мемлекет тарапынан спортты қаржыландыру көлемі артқанымен нәтиже жоқ екенін айтты, деп хабарлады JANABASTAU.KZ  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылды.

Дей тұрғанмен, спортшыларымыздың нәтижесі төмендеп кетті. Мұның негізгі себептері оларды жүйелі дайындау жұмыстарының болмауында. Жаттықтырушы құрамның жетіспеушілігі және тиімді дайындық әдістерінің жоқтығы да нәтижелерге теріс әсер етті. Спортшыларды балалар секцияларынан бастап олимпиадалық құрама командаларға дейін тәрбиелеудің нақты жүйесі жоқ.Сонымен қатар спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестік төмен, - деді премьер-министр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *