«Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманалиева күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 183
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Елді шулатқан Әнару Құрманалиева тағы да шу шығарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол әйелі бар еркектердің не себепті жас қыздарға құмар болатынын түсіндірген.  

“Маған әрдайым әйелі бар еркектер келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен сиқырлы күшім тартатын шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өз арсыздықтарыңызды менен көрмеңіздер. Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан "ақ, таза" қыз іздемес еді", – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бірі әлдекімдердің әдейі жоспарланған іс-әрекеті болуы мүмкін екенін айтқан. 

"Бұл – қақпан. Әйелі сізге әдейі жала жабу үшін ұйымдастырып отырған болуы мүмкін" деген пікір қалдырды. Әнару бұл пікірмен келісетінін жасырмады. 

"Иә, мүмкін. Ол әйелден көрмеген қорлығым жоқ. Мүмкін, солай шығар. Ол әйелге Алла төреші болсын", – деп жазды бойжеткен. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *