Бала құқығын қорғайтын шаралардың бәрі бір құжатқа біріктірілді – Мемлекеттік кеңесші

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: дереккөз

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бала құқығын қорғаудағы шаралар бір арнаға тоғыстырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ғылым және білім, бала құқықтарын қорғау саласында маңызды бастамалар қолға алынды. Жақында ғылыми қалашықтар құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Мектептердегі тәрбие бағдарламасы жетілдірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. Балалардың құқығын қорғау бағытындағы шараларының бәрі енді осы құжатқа біріктірілді, - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол, жуырда Үкімет қаулысымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.

Өткен жылдың қараша айында Президенттің Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Бұл құжат – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ішкі саясат саласын жүйелейтін алғашқы тұжырымдамалық құжат. Оны әзірлеуге құрылтай мүшелері, сарапшылар ерекше атсалысты, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *