Тоқаев: Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері Орталық Азияда рекорд жасады
Фотосурет: Ақорда
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан экономикасы Орталық Азия аймағында рекордтық нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш», – дейді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтері 5 млрд долларға ұлғайып, алтын-валюта резервтері 65 млрд доллардан асты.
Сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындаған. Президент өз сөзінде әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты қадамдар жасалғанын атап өтті.
Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес басталған. Сонымен қатар аномастика саласындағы жұмыстар ретке келтіріліп, мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтар енгізілген.
«Бұл еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиян келтіретін кеселдерге барынша тосқауыл қойдық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (0)