«Балаға зорлық жасады»: Маңғыстау облысында танымал видеограф ұсталды

Жаңалықтар
view 178
news

Фото: freepik.com

Желіде Маңыстау облысында танымал видеографтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Өңірлік полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, мән-жайды айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

NUR.KZ-тің жазуынша, видео маманның ұсталғаны туралы ақпаратты жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бөліскен.

Дронмен жұмыс істейтін менің видеограф танысымның қамауға алынғанын, ол туралы қорқынышты мәліметтерді білдім (барлығы әлеуметтік желіден жойылған, тіпті іздемей-ақ қойсаңыздар болады), көбісі оны жақсы таниды, көп адамға әлеуметтік желіге салу үшін әдемі видеолар түсірген, парақшалар мен жаңалықтар сайттары оның роликтерін жариялаған... Ал бүгін ол туралы жаңалықты естіп, денем түршігіп кетті, оны екі апта бұрын зорлық күдігімен қамауға алыпты, бірақ жағдайдың егжей-тегжейін білген сайын, соғұрлым есімнен тана жаздадым. Кейбір дереккөздер арыз-шағымдар кәмелетке толмаған ұл балалардың (олардың біреуі 13 жаста көрінеді) атынан түскенін нақтылайды, кәмелетке толмаған балалар оны айналшықтап жүретін, мобилографияны үйренемін деп, әрине, - деп жазды желі белсендісі Instagram-дағы парақшасында.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары 4 қарашада полицияға кәмелетке толмағаннан өзіне қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арыз-шағым түскенін хабарлады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімі бойынша екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция органдары қажетті тергеу және процестік іс-шаралардың толық кешенін жүзеге асыратын болады. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, мұқият зерделенеді, арызда келтірілген жайттар тексеріледі, тиісті сараптамалар тағайындалады, - делінген түсініктемеде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *