Степногорск қаласында картоп өндіру көлемі ұлғайып келеді
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі картоп өндірушілердің бірі – «Organic Food» ЖШС кәсіпорнына барды. Кәсіпорын «Көкше» ӘКК» АҚ арқылы жеңілдетілген несиелеу аясында жұмыс істеп тұрған көкөніс қоймасын 8,7 мың тоннаға кеңейту жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Кәсіпорынның бас директоры Мейрхан Балпановтың айтуынша, жаңа нысан өнімді сапасын жоғалтпай ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік береді және өнімді өңдеуге де, сауда желілеріне де тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Қоймада желдету және тоңазытқыш жүйелері орнатылып, жыл бойы өнім сақтауға жағдай жасалған.

Жобаның жүзеге асуы маусымаралық кезеңде көкөністердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, нарықтағы маусымдық ауытқулардың әсерін азайтуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Компания 1,5 мың гектар алқапта картоп өсіреді, онда заманауи суару жүйелері қолданылатын болады.
Сонымен қатар облыс әкімі Степногорск қаласында инвестиция тарту және аграрлық саладағы өндірістік қуаттарды кеңейту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу қажеттігін атап өтті.
Пікірлер (0)