Балаларына алимент төлемеген азамат бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтар
view 109
news

Ақмола облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мәлімдеуінше өңірдегі сот орындаушыларымен алимент өндіріп алу туралы іс жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды. Мәселен Ақмола облысының жеке сот орындаушысы Б. Кадышевтың орындауында 2018 жылдың 27 шілдесінде қозғалған кәмелетке толмаған баланы асырап бағуға С. азаматынан алимент өнідіріп алу туралы атқарушылық құжат бар. Бұдан әрі, 2023 жылғы ақпанда 35 000 теңге төлем енгізілгеннен кейін борышкер 2023 жылғы наурыздан бастап алимент бойынша ешқандай төлем жүргізбеді, осыған байланысты атқарушылық іс жүргізу бойынша 2023 жылдың 07 желтоқсандағы жағдай бойынша 2 138 147 теңге сомасында берешек пайда болып, борышкер алимент бойынша берешекті өтеу бойынша қандай да бір шаралар қолданбаған. Бұл ретте, көрсетілген кезеңде борышкердің жұмысы мен табыс көзі болған бірақ ақша қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Алимент бойынша өз міндеттерін біле тұра борышкер нақты оларды төлеу мүмкіндігінен қасақана жалтарып алимент төлемеді, осылайша сот  шешімін орындамады. Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астан орындамауы борышкерді Қазақстан Республикасы Қылмсытық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуға әкеп соғатыны белгілі. Борышкер жеке сот орындаушысы қабылдаған шаралар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмысытық кодексінің жоғарыда көрсетілген бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімімен борышкерге бас бостандығынан шектеудің 1 жылы түрінде жаза тағайындалды жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, сондай-ақ борышкер жыл сайын жүз сағат, бірақ күніне төрт сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Бұл ретте, бас бостандығынан шектуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда борышкердің өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *