Банктер алаяқтарға ел азаматтарының жеке деректерін сатып жіберген

Жаңалықтар
view 176
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы банктер алаяқтармен ауыз жаласқанын растады, деп хабарлайды janabastau.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов кейбір қазақстандық банктер өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергені туралы ақпаратты растады.  Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықовқа тиісті сауал қойылды. Ол банктердің жазаланғанын алға тартты.

"Иә, өкінішке орай, мұндай фактілер бар, біз былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді осы заң бұзушылықтар үшін жазаладық. Сәйкесінше, бұл жерде азаматтардың өздерінің азаматтық ұстанымы қажет, яғни, бізге бұл туралы хабарлауы керек. Біз заңды тұлғаны яғни банктерді жазалап жатырмыз, бірақ нақты статистика жоқ", –деді ол.


Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *