Берекелі Наурыз

Редакция таңдауы
view 195
news

Берекелі Наурыз Төрткүл дүниенің көбесі сөгіліп, көк аспанның көктеңбіл көрінісі көркіңді ашып, адам жанына шыраймен шуақ сыйлайды. Жер ананың жанданып қайта түлеп ұшар шағы- наурыз. Табиғаттың бусанып қары – мұзы еріп, бәйшешегі бүр жарып, қыз шолпысының сыңғырындай ерке бұлақтары сыңғырлап,төрт түлігі төлдеп, меймана халықтың мерейі асып, «Самарқанның көк тасы еритін» қазақ жұртының асыға күткен ұлық мерекесі ол – наурыз мейрамы. Сан ғасыр бойы тарихи мәнін жоғалтпаған наурыз осы күнге дейін тойланып келеді. Қазаққа ғана емес Түркі халықтарына ортақ бұл мереке жаңа жылдың, жаңа тыныстың, барлық дүниенің жаңадан басталуын меңзейді. «Әз болмай мәз болмайды» - дейтін халқымыз ұлыс күнін «Ұлы істің басталуы» - деп те тарқатады. Күн мен түннің теңеліп бір параллель сызықта жатуы Жаратушының көркем ісі болса, жалпы қоғамдық санада күн жарық шуақты «ақ түстің», «мейірімділіктің» символы. Осы наурыздағы теңелуден кейін түн қысқарып, күн ұзарады. Қазақы танымда бұл жарықтың қараңғылықты жеңуі яғни мейірім, жылулықтың жауыздықты еңсеруі болып саналады. Осы ғажайып құбылыстан кейін көк шығып, төрт түлік мал төлдеп, адамдар жасарады. «Ақ түйенің қарыны жарылған» шуақты күнде қариялар кеңес айтып, қыз-бозбала әнге басып, би билеп, ауыл арасында ойын-той болып, сұлу даланың көркін асырған жаймашуақ жаңа өмір басталады. Күні кеше Қосшы қаласында наурыз мейрамы аталып өтті. Қосшы қаласы мемлекеттік деңгейдегі түрлі мерекені өз хәлінше тойлап, халқының көзіндегі қуаныш пен мейірімділікті көріп келеді. Қазақ халқының ұлттық мерекесі наурыз мейрамын қаламызда жоғары деңгейде ұйымдастырдық. Қала тұрғындарымен қала қонақтарын қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов құттықтап «Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Қазақстандағы барша ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін бойымызға дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз. Бәріңізді көктемнің жарқын мейрамы Әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!»,- деді. Қалалық прокуратура алаңында «Ақ орда», «Хан орда», «Алтын орда», «Бақ орда», «Алаш орда», «Бай орда», «Ақ орда» атауымен жеті түрлі, жеті қанат, тоқсан қанат киіз үйлер тігілді. бұл атаулардың да символикалық мән - мағынасы бар мысалы «Хан орда» ежелгі қазақ хандары отырған тоқсан қанат орда болса, хан орда да сол іспеттес ал, «Алтын орда» өздеріңізге тарихтан мәлім «Алтын орда» мемлекеті болғаны. «Алаш орда» тарих сілемінде із қалдыраған кешегі біздің данакөз бабарлармыз,қазақтың қамын жеген асыл сүйекті ұлдармызды еске салады. «Бақ орда», «Бай ордаға» келетін болсақ қазақ даласының кеңдігі, жайбырақат «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» бейқам жатқан қазақты еске салады. Ал «ақ отау» атауы үйдің үлкенін немес ортаншы ұлын бөлек шығарған кезде тігілетін болған. Бөлек шықан ұлға қазақ, енші ретінде мал бөліп беріп, «ақ отау» тігіп берген. Әдетте ақ отау алпыс қанат болады. Бұның бәрі біздің тарихи тамырымыздан ажырамай, қарға тамырлы қазақтың әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан байырғы ұстанымдарының бірі екені айқын. Жеті түрлі атаумен тігілген үйлерге қала әкімінің атынан шашу сыйлықтары табыс етіліп, «Үздік ұлттық киім» байқауыда ұйымдастырылды. «Үздік ұлттық киім» байқауына үміткерлер наурыз мейрамын тамашалап келген қонақтардың ішінен таңдалды. Балалармен ересектер арасында өткізіліп ең әсем, ең көрікті киім киген тұрғындарға заттай сыйлықтар табысталды. «Бауырсақ SHOW» әр өңірде пісірлетін бауырсақтардың түрлері пісірліп, қала тұрғындарымен қала қонақтары наурыз көже ішіп, қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді. Атам заманнан бері мереке-думан болса сал мен серісі, жыршы мен жырауы, әнші мен бишісі әуелетіп ән салып, құлақтың құрышын қандыра жыр айтып, мың бұрала билейтіні әдепкі әдет емес пе. Сарыарқаның даласынан киік аусада, өнер ауған жоқ. Қаз - қалпында сақталды осы күнге дейін. Кешегінің жалғасы, бүгінгінің жарық жұлдызы болған Қосшы қалалық «Мәдениет үйінің» өненпаздары және «Замандас» ардагерлер хоры көренмендерге әсем ән салды, мың бұрала биледі. Қала тұрығдарымен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар жианлған тұрғындар арасында спорттық жарыстар өткізілді. Спорт түрлері: «Қазақ күресі», «Гір тасын көтеру», «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Қой көтеру» бес түрлі сайыстың қортындысы бойынша жеңске жеткен жеңіпаздардың реті мындай;

«Қазақ күресі» 74 келіге дейін:

1 орын-Рахманов Миас 2 орын-Мұсағалиев Қадырбек 3 орын-Үкмет Ильяс 3 орын-Ундашев Айдос

74 келіден жоғары:

1 орын-Айсағалиев Нұрдаулет 2 орын-Ильясов Руслан 3 орын-Серік Бүркіт 3 орын-Нұрбаев Ғибрат «Гір тасын көтеру» (2 гір 24 келіден 1 минутта)

75 келіге дейін:

1 орын-Кәкім Нағашыбай 28 рет 2 орын-Мейнепов Жәнібек 15 рет 3 орын-Бектемисов Азамат 14 рет

75 келіден жоғары:

(2 гір 24 келіден 1 минутта) 1 орын-Қайыров Назар 33 рет 2 орын-Шакир Ардақ 28 рет 3 орын-Төреқұл Дархан 21 рет

«Қол күресі»

75 келіге дейін: 1 орын-Сансызбаев Ануар 2 орын-Ғажайып Әди 3 орын-Қуандықов Бекболат 75 келіден жоғары: 1 орын-Жақсыбаев Бекарыс 2 орын-Тукенв Бұхарбек 3 орын-Тоқтарбеков Жансерік

«Арқан тартыс»

1 орын-Тайтөбе батырлары 2 орын-Тайтөбе 1 3 орын-Қосшы 1

«Қой көтеру» 35 жасқа дейін:

Жеңімпаз-Наурызбеков Төлеген. 1 минутта-44 рет көтерді.

35 жастан жоғары:

Жеңімпаз-Ибрашев Елнияз. 1 минутта 34 рет көтерді. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға марапттармен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Әз науырызды осындай думанмен, сән-салтанатымен, бәсекесі мен қызығы аралас додалармен өткізген Қосшы қаласы әр мерекені де осындай биік деңгейде өткізбек. Татулық пен достық, бірлік пен береке айрандай ұйыған қазаққа ғана тән. Біз Қосшы қаласының бұдан да өркендеп, көркеюін, қосшы қаласы тұрғындарының ауызы аққа жарыған берекелі ел болуын тілейміз. Шұрайлы өлкеде бақыт пен байлық, береке мен тыныштық жалғасын таппақ.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *