Билікті басып алуға дайындалған: Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевтың ұлы қамауға алынды

Жаңалықтар
view 299
news

Фото: Қырғызстан ІІМ

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Қырғызстан ІІМ Тергеу қызметінің парламенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалған күдіктілер тобына қатысты өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ұсталғандар қамауға алынып, 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін УҰИ-ға қамалды. Олардың арасында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың кіші ұлы Қадырбек Атамбаев, «Социал-демократтар» партиясының мүшелері, сондай-ақ бұрынғы депутаттар мен шенеуніктер бар.

«Социал-демократтар» партиясының жетекшісі Темірлан Султанбеков, партия мүшесі Қадырбек Атамбаев және экс-депутат Кубанычбек Қадыров ҚК-нің 326-бабы «Билікті күштеп басып алу» бойынша айыпталып отыр. Қалған жеті адамға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, соның ішінде зорлық-зомбылық, қирату, өрт қою, мүлікті жою және атыс қаруын қолдану фактілері бойынша күдік келтірілген.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *