Әйел зорланған, ер адам асылып қалған: Оқиғаға қатысты сұмдық дерек айтылды

Жаңалықтар
view 181
news

Фото: instagram.com/zello.poisk

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған ерлі-зайыптың өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әйел зорланған, ер адам асылып қалған: Ақтөбеде ерлі-зайыптының денелері табылды

Ақтөбе облысында өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз тағы да зорланған

«Күдікті – өгей әкесі»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанып қалды

Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлаған сұмдық жағдай болды

 Марқұмдардың туыстары не дейді

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, 20 қараша күні ерлі-зайыптылар өз көліктерімен азық-түлік алуға дүкенге шыққан.

Олар ет алуға шықты да, жоғалып кетті. Кешке осындай жағдай болғанын естідік. Осы жаңалықтан кейін әкелері төсек тартып жатып қалды. Не болғанын біз де білмейміз. Енді тергеу анықтайды, – дейді туыстарының бірі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Көршілердің айтуынша, көпбалалы отбасы тату-тәтті өмір сүрген, ерлі-зайыптылар бірге шамамен 15–16 жыл тұрған.

Көршілері не айтты

Олар осы жерде көптен бері тұрады. Ешқашан жаман сөз естіген емеспіз. Бір-бірімен тату-тәтті тұрды. Кіші баласы әлі бір жасқа да толған жоқ, үлкендері мектепте оқиды, – дейді көршілері.

Марқұмдардың артында бес бала қалды. Балалар оқитын мектеп басшылығы да отбасыда ешқандай мәселе болмағаны айтады.

Үлкен көпбалалы отбасы еді. Бес бала. Төртеуі бізде оқиды — екінші, төртінші, алтыншы және оныншы сыныптарда. Оқу үлгерімі керемет. Ата-аналары әрдайым жиналыстарға қатысып отырды. Кеше әлеуметтік желілерде олардың іздестіріліп жатқанын көрдік. Ешқашан шағым болған емес. Не болғанын түсіне алмай отырмыз, – дейді мектеп директоры Ғазиз Қаламов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *